Ержанов Махамбет Ержанович

Доктор педагогических наук, профессор

USER_PHOTO

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

2019-03-19

Махамбет Ержанұлы Ержанов 1947 жылы 19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.

32 жылдан бері білім және мәдениет саласына арналған кадрларды дайындау оқу орындарында басшылық қызмет лауазымдарын атқарып келді. Қызмет барсындағы жуапты жерлерде өзінің ұйымдастырушылық қабілетін, іскерлік қасиетін көрсете алды және кез-келген іске инициативамен, шығармашылықпен қарап, өндірістік мәселелерде өздігінен шешім қабылдай алатын іскер маман ретінде көрсетті.

Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітіргеннен кейін 1973 жылдан 1980 жылға дейін Жымпиты балалар саз мектебінде директор болып қызмет жасады.

1980 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің директоры қызметіне тағайындалды.

1986 жылдан бастап 1988 жылға дейін облыстық филармонияның директоры ретінде қызмет атқарды.

1988 жылдан бастап 1991 жылға дейін қайтадан мәдени-ағарту училищесінің директоры болып қызмет жасады.

1991 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының Оралдағы филиалының директоры қызметін атқарды.

1992 жылы 2000 жылға дейінгі аралықта Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтының ректоры болып қызмет жасады. 2000 жылдың шілде айынан бастап Орал қаласындағы үш жоғары оқу орнының қайта ұйымдастырылуына байлансыты Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры болып тағайындалды.

1997 жылы Мәскеу қаласында ММжӨИ «Қазақстандағы этномәдени білімнің дамуы: теориялық негіздері және практика» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2000 жылы Ресей Федерациясының білім беру министрлігінің жоғары аттестациялау комиссиясының шешімімен педагогикалық ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Халықаралық педагогикалық білім беру Академиясының корреспондент мүшесі, Ресейдің педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

2013 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, өнертану және мәдени-тынығу кафедрасының кафедра меңгерушісі лауазымын атқарып келеді.

Қазіргі таңда М.Н.Ержанов дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша негізгі пәндерден дәріс береді. Факультет ПОҚ мен студенттерінен құрылған қазақ халық аспаптары оркестрінің жетекшісі. Училищеде, облыстық филармонияда және өнер институтында қызмет еткен жылдарда 1500-ден астам түлектер шығарып, соның ішінде домбыра сыныбы бойынша мамандарды өзі дайындап шығарды.

45-тен аса ғылыми мақалалары, 20-дан астам оқу және оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік нұсқаулары жарық көрді. «Көркемдік-шығармашылық бейіндегі мамандардың этномәдени білімі», «Этномәдени білімінің теориялық негіздері», «Қазақстандағы этномәдени білім беру: теориясы және тәжірибесі» атты монографиялары басылып шықты. Мәдени-тынығу жұмысы және музыкалық білім мамандықтары бойынша магистратурада дәріс беріп, магистрлік диссертацияларға жетекшілік жұмыстарын атқарады. Осы мезгілге дейін 15-тен аса магистрлар дайындап, магистратураның дамуына зор үлес қосып келеді.

М.Е.Ержанов төменде көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттауларына ие болды: ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы (1992), ҚР Білім, мәдениет, спорт министрлігінің Құрмет грамотасы (1997), Мерекелік төсбелгі «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі (2005), ҚР Президентінің алғыс хаты (2005), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет қайраткері белгісі (2007), ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді (2011).