Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы
Доцент. Филология ғылымдарының кандидаты.

Доцент. Филология ғылымдарының кандидаты.
І.Аты-жөні мен туылған жері.
Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы. 10.05.1960 ж. -Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан), Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданы, Жымпиты кеңшары, Аралтөбе ауылдық кеңесіне қарасты № 3 Жамбыл бөлімшесінің «Қарабас-Плантация» елді мекенінде дүниеге келді.
ІІ. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі.
Доцент. Филология ғылымдарының кандидаты.
Кандидаттық диссертациясы:1.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары аттестациялық комиссия Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіндегі Диссертациялық кеңестің 2000 жылғы 24 мамырдағы шешімімен (№5 Хаттама) 10.01.02 – «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (ҒК № 0007417. Алматы-2000).
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы шешімімен (№5 Хаттама) 10.01.00 – «Әдебиеттану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді (ДЦ № 0002475. Астана-2011).
ІІІ. Жұмыс орны мен қызметі (қазіргі уақытта).
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті.